28
март
2022
“Жастарды қолдау” тақырыбында кездесу
Мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымына арналған тренинг курсы аясында Әлихан Бөкейханов Университетінің Жастарды ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жөніндегі департаменттің маманы, "Аманат" партиясының, Семей қалалық маслихатының депутаты Әліби Абдураймовпен “Жастарды қолдау” тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
