«Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» атты тарих, география, және өзін-өзі тану пәндері бірлестігінің апталығы
«Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік»
№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінде «Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» атты тарих, география, және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы 9-13 желтоқсан аралығында өтті.Апталықтың мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге,ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып,тәуелсіз Қазақстанның тарихын жетік білуге,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа баулу.
Апталық аясында 9-11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Кездесуге Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің тарих және саясаттану факультетінің оқытушылары, т. ғ. к.М.С.Ибраемова, Асия Жарықбайқызы және тарих факультетінің студенттері шақырылды.Кездесу «Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері» тақырыбына арналды. Жоғары сынып оқушыларына тарих пәнінің мұғаліміКапасоваГулданаРашидқызы өлкенің археологиялық зерттелу тарихы туралы түсінік берді. Тарих пәнінің мұғалімі Әзімханова Ш.С Семей қалалық өлкетану мұражайында 5 «А» Жас сарбаз сыныбына «Алаш идеясы-Тәуелсіздік тірегі» атты ашық сабақ өткізді. Апталық аясында оқу ордамызда пікірсайыс өтті. Сайысқа 10 «А» сынып оқушыларыЖунусоваНурай, Саданова Асем, СамархановаНурай және 10 «Б» сыныбы Шаяхметов Алмас, Жұбаныш Данажан, Турсынгалиев Бекзат қатысты. Пікірталастың мақсаты пікірталас жүргізіп, өз көзқарасын дәйекті түрде дәлелдей алатын жас көшбасшыларды анықтау болып табылды.Дебат сайысының үйлестірушісі тарих пәнінің мұғалімі –Төкен Абзал. География пәнінің мұғалімі Нугуманова А.Т 10 «Б» сыныбына «Азиядағы геосаяси кеңістік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта көп әдіс-тәсілдер қолданылды. 4 «В» сыныбында «Туған жердің әсемділігі» атты тақырыбындаБексолтанова С. ашық сабақ өткізді.Оқушылардың туған жері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Тарих пәні мұғалімі Оразбекова М.Д 5-6 сыныптар арасында «Тарихыңды таны» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру.Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Беркутова А.М «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты бейнероликтер қорғау іс-шарасынұйымдастырды. Апталық мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында шығармашылық ізденімпаздық арқылы, қызықты өтті.



