Lesson Study сабақтары » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

12
апрель
2022

Lesson Study сабақтары

           Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу және жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында 4-6 сыныптар арасында табысты қолданылып келеді. Lesson study сабақтарын өткізу 3 цикл бойынша жоспарланған болатын. Сәуір айында отызға жуық 2 цикл сабақтары өткізілді. Он топқа топтасқан ұстаздар өз жұмыстарына қорытынды жасады, қол жеткізген жетістіктері мен әлі де жетілдіруді талап ететін тұстары жайлы пікірлесті. Осы бағытқа қамтылған ұстаздар «Lesson study – баға мен сапа тең дәрежеде ескерілген ұтымды тәсіл» екендігіне тағы да көз жеткізді. Соңғы цикл сабақтары мамыр айына жоспарланып отыр.











Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее