14
март
2022
Зерттеу сабақтары «Lesson Stady»
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп»жобасы аясында.4-5-6 сыныптарда«Lesson Stady» зерттеу сабақтарының 1-кезеңі жүргізілді. Күтілетін нәтиже: ұстаздарымыз зерттеу әдісін тереңінен меңгереді, тәжірибеге енгізу қадамдарын нақты үйренеді. Ынтымақтастықта оқыту дағдылары қалыптасады. Жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтарының себебін белгілеу, сол арқылы табысты оқуға нақты қадамдар жасау, оқушылар белсенділігіне қол жеткізу.4-5-6 сыныптарда негізгі пәндер бойынша оқушылардың оқу мотивациясын көтеру, тәжірибеге енгізілуін насихаттау арқылы мектеп дәстүріне айналдыру және оқу сапасын арттыру.Аталған нәтижеге қол жеткізу, жұмысты жүзеге асыру үшін: зерттеу топтары құрылды; сыныптар анықталды; сабақтар тізбегі жасалды; жұмыс жоспарлары мектеп директорымен бекітілді.Сабақта зерттеу жүргізу жүйесі жасалды. Апта ішінде4-5-6 сыныптарда11 зерттеу сабақтары өткізіліп, пән сабақтарында оқушыларға оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерін қолдану, әдіс-тәсілдер топтамасын жасақтау арқылы «барлық оқушыны» оқуға , сыни ойлауға тартудың жолдарын меңгеру және зерттеудегі тақырыптың түйінді идеясын шешу жолдары айқындалды.