Тәжірибені жетілдіру
2021-2022 оқу жылының 2-жартысында 2"А" және 2"Б" сыныптарында "Кураторлық әдістеме» («Ақылды үшінші») технологиясы бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл технология ұстаздардың өз тәжірибесін әріптестер тәжірибесімен салыстыруға, жетілдіруге, нәтижесінде оқу сапасының артуына мүмкіндік береді. 2"А" сыныбында математика, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен, 2"Б" сыныбында қазақ тілі, әдебиеттік оқу және математика пәндерінен сабақтар өткізілді. Бұл жобаның мақсаты: әдістемелік қолдау көрсету, мұғалімдердің жұптасып өзара тәжірибе бөлісуін жүзеге асыру үшін тұрақты мұғалімдер топтарын құру.
Әр сабақтан кейін куратордың қатысуымен нәтижелер талқыланды. Алғашқы сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылар көлеңкеде қалып қоятыны байқалды. Келесі сабақтарда бұл кемшіліктер жойылып, ол оқушыларға өз деңгейлеріне сай тапсырмалар дайындалып, сабаққа қатысуға мүмкіндік жасалды. Сабақ үдерісі кезінде оқушылардың сабаққа қызығушылығы, белсенділіктері артқанын да байқадық. Педагогтік құзіреттілікке әсері оң болды деп айтуға болады. Себебі, ұстаздық шеберліктің артуына, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін терең меңгеруге септігі тиді. Командалық жұмыста да бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, үйрете жүріп үйренетінімізге тағы бір көз жеткіздік. Келесі оқу жылында да бұл жұмыстар өз жалғасын табады.
