Кіріктірілген экосабақтардың ерекшелігі » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

20
март
2020

Кіріктірілген экосабақтардың ерекшелігі









          Кіріктірілген  сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы ретте, мектебіміздің бастауыш сыныптарында өткізілген экосабақтар топтамасына тоқталсақ. Кіріктірілген экосабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленді. 1-сыныптарда дүниетану, көркем еңбек пәндерінің кіріктірілуімен «Табиғаттың досымыз» тақырыбында, 2-сыныптарда әдебиеттік оқу және музыка пәндері кіріктіріліп «Көктем» тақырыбында,  3-сыныптарда «Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық» дүниетану, музыка сабақтарының кіріктірілуімен,  4-сыныптарда қазақ тілі, жаратылыстану пәндерінің кіріктірілуімен «Табыс септігі» тақырыбында сабақтар өткізілді. 12 ұстаз алты сыныпта сабақ бере отырып, 144 оқушының жүрегінде табиғатқа жауапкершілікпен қарау сезімін оятты. Аталған сабақтар оқушыларда үлкен қызығушылық тудырды. Бірнеше ұстаздың оқу үрдісіне қатысуы оқушыларда ұсынылған материалды қабылдауға жаңаша жол ашты. Кіріктірілген сабақтар бойынша көз жеткізгеніміз ұстаздар барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасады; сезімдеріне тікелей әсер ете алды; оқушылар экология тақырыбындағы проблемаларды талдауға қатысты, ой-толғаныстарын білдірді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады, бастысы – табиғат жанашырлары қатарының артатыны сөзсіз.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее