14
март
2022
«Төңкерілген оқу»
7-9 сыныптарда оқу үрдісіне «Төңкерілген сынып» технологиясын енгізу арқылы оқушылардың өздігінен білім алуларына, алған білімдерін сыныптастарымен бөлісуге, толықтыруға, білім сапасының ілгерілеуіне жағдай жасау әрі водкаст технологияларын пайдалануды қамтитын оқыту моделі енгізілді. Ұстаздар жаңа тақырыптар бойынша бейнематериалдар, презентациялар даярлау; технологияны қолдануға арналған сабақ жоспарларын, жетістік критерийлері бойынша бағалау нәтижелерін жинақтау; сауалнамалар құру; нәтижесін өлшеу мақсатында тест даярлау, мәліметтерді салыстырумен айналысса, білім алушылар мәтіндерді оқу, түсіндірме сызбаларды қарау; бейнематериалдар, презентациялармен танысу, қажет болған жағдайда бірнеше мәрте қайталап көру;өздігінен алған білімдерін сыныптастарымен бөлісуге, бір-біріне түсіндіруге мүмкіндік алды. Аталған технологиямен өткен сабақтар оқушылар белсенділігінің артуына, дәстүрлі сабақтарда «оқшауланып отыратын» балаларда оң мотивацияның қалыптасуына жол ашты.