9-сыныптан кейін мектептен кетуім керек пе? Қалай таңдау жасауға болады? » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 9-сыныптан кейін мектептен кетуім керек пе? Қалай таңдау жасауға болады?

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

08
февраль
2023

9-сыныптан кейін мектептен кетуім керек пе? Қалай таңдау жасауға болады?


9-сыныптан кейін мектептен кетуім керек пе? Қалай таңдау жасауға болады?

Өмірде табысқа жету үшін кәсіби жолды дұрыс таңдау маңызды. Ал бұл тағдырды шешетін мәселе жастардың негізгі жалпы білім алғаннан кейін алғаш рет алдынан шығып отыр. Көпшілігі орта арнаулы оқу орындарына түсуге бел буады. Бұл жерде 9-сыныптан кейін қандай мамандықтар өзекті екенін, мамандық таңдауда не нәрсеге назар аудару керектігін анықтау маңызды.
Әрбір адамның жеке, ерекше қызығушылықтары, ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Мектеп оқушыларында бұл қасиеттердің көбі қалыптасу кезеңінде. Мұндай жағдайларда мамандық таңдауда олардың ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескеру өте маңызды. Ата-ана да баласына ақыл-кеңес бергенде осы жайттарға мән бергені жөн.
Жоғарыда қойылған сұрақтарға жауаптарын табу үшін кәсіби бағдар беру маманы А.М.Беркутова және 9 «А, Б, В» сынып оқушылары «Мектептен қашан кеткен дұрыс. ҰБТ туралы мифтер. ҰБТ дайындық» бейнеролигін тамашалап, сұрақтарын қойып, сұхбат жүргізді.
Әр баланың алдында ерте ме, кеш пе, қайда оқуға түсу керектігін таңдау тұрады. Сіз білікті электрик немесе аспаз, токарь немесе әскери адам бола аласыз - бәрі баланың қалауы мен қабілетіне байланысты.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее