15
март
2023
"Наурыз шашу-2023" атты Наурыз мейрамы аталып өтті
Мектебіміздің ауласында "Наурыз шашу-2023" атты Наурыз мейрамы аталып өтті Ұлыстың ұлы мейрамы ең ежелгі мерекелердің бірі. Наурызды тойлау атадан қалыптасқан дәстүр. "Тәрбие тал бесіктен басталады " демекші ауызбіршілік пен татулыққа тәрбиелеуде, тазалық пен жаңаруда Наурыз мерекесінің орны ерекше. Үлкен қариядан бата алынып, көріністер қойылды. Іс шараға қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, әрі мектебіміздің ата-аналары : Тұрлыбеков Саяхат Төлеубайұлы ,Рахиев Мақсат Жұмашұлы әннен шашу шашса, Касымханова Алия Асылбековна, Жұмақанова Кәмила Мейрамханқызы және Қайырбекова Жансая Асетқызы белсенділік танытып, өнерлерін көрсетті. . Алаңда ән шырқалып, әр түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар мен ата-аналар, мектеп мұғалімдері ат салыса қатысты. Ойын- сауықты тамашалаған көпшілік дән риза болды Салт - дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпаққа үлгі ететін осындай іс шараларымыз көп болсын!