06
апрель
2023
5 «В» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Тірі планета» тақырыбында ашық сабақ өтті.
«Жарқын елдің шамшырағы - жас маман» онкүндігі аясында жоспарға сай 06.04.2023 күні 5 «В» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Тірі планета» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу Технологиясы: Lesson Study Өткен сабақты қайталау мақсатында «My Quiz» программасымен Экологияның тіршілігіне әсер етуші факторлар тақырыбынан сұрақтар қойылды. Жаңа тақырып барысында Тірі ағзаларды 4 патшалыққа жіктеп, сурет қиындыларымен кестені толықтырды. Wordwall.net сайтынан «Шатасқан әріптер» әдісі, Ребуспен жаңа терминдерді анықтады. Сабақты бекіту үшін «Білім поштасы» әдісі, бағалау мақсатында «Жетон» әдісі қолданылды. Пән мұғалімі: Мұқашева М.Б.
