12
апрель
2023
"Sport days" тақырыбында ашық сабақ өтті.
"Жарқын елдің шамшырағы-жас маман" онкүндігі аясында 12.04.2023 күні 5 Б сыныбында ағылшын тілі пәнінен "Sport days" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта "Flashlight" әдісі бойынша екі топқа бөлініп топтық және жекелеме жұмыстар жүргізілді. Sport days тақырыбында видео көрсетіліп, сол бойынша текст оқып аударылды. "Х and 0" ойыны арқылы тақырып бойынша сұрақтар қойылды және "Giant feet" ойыны арқылы сабаққа қорытынды жасалды. Сабақ барысында "Wordwall" платформасы арқылы бірнеше тапсырмалар орындалды. Оқушылар ынталандыру сөздері жазылған стикерлермен бағаланып отырды. Пән мұғалімі: Ибрай А.Е.