17
апрель
2023
География пәні мұғалімі: Әсімғазы Ә.Б.
Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Өзіме білім берген ұстаздарды үлгі етіп, сол кісілер сияқты ұстаз болсам деп армандадым. Ол кездегі ұстаздарымыз біздің жақсы білім алуымызға көп көмегін тигізді. Сол ұстаздарымыздың арасынан математика мұғалімі, сабақ барысында тәрбиелік мәні бар әңгімелерді, әр түрлі жағдайларды мысал келтіре отырып үнемі айтып отыратын. «Жаман адам болмайды, жаман адамныңда бір жақсы қасиеті болады» - деп, үнемі айтып отыратын. Айта берсек көп, осы ақылдарды, әңгімелерді тыңдап өскен біз, жаман болмадық деп ойлаймын. Қазіргі кезде де, сабақ барысында тәрбиелік мәні бар әңгімелерді айтуға тырысамын.
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан», -деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.