«Полиглот» интелектуалдық ойынын өткізді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Полиглот» интелектуалдық ойынын өткізді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

15
сентябрь
2023

«Полиглот» интелектуалдық ойынын өткізді.

15.09.2023 “Тілдер шеруі” айлығының жоспарына сәйкес қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері бірлесе отырып, 7 сынып оқушылары арасында «Полиглот» интелектуалдық ойынын өткізді.  «Полиглот» интелектуалдық ойынының негізгі мақсаты: 1. Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. 2.Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу.  Интелектуалдық ойын 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде құпия ұяшықтары бойынша үш тілді де қамтитын сұрақтар жасырылды. Әр ұяшықтарда ұпай саны жазылды, сол арқылы әр топ өз ұпайларын жинады. Екінші кезең “Tarsia” әдісі арқылы жүргізілді. “Tarsia” әдісінде үш тілде мақал-мәтелдер берілді, оқушылардың басты мақсаты берілген уақыт аралығында қағаздағы мақал-мәтелдердің жалғасын іздеп, бір-біріне жалғау. Ойын соңында 3 топтың ұпай сандары шығарылып жеңімпаз топ белгілі болды.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее