14
декабрь
2022
"Жұмбақтар сыр шертеді" атты сайыс өтті
Бастауыш сынып онкүндігі барысында 2-сыныптар арасында "Көңілді үзіліс" кезінде "Жұмбақтар сыр шертеді" атты сайыс өтті. Мақсаты: жұмбақтар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сайыста сөзжұмбақ шешу, 'Кім жылдам" әдісі арқылы әр сыныптар ұяшықты таңдап, жылдам жауап берді. "Сурет жұмбақ" әдісінде суреттің төрттен бір бөлігі ашылады.Қалған суретті өздері тауып, соған сәйкес жұмбақ жасырды. Сайыс соңында оқушыларға сыйлықтар таратылды. Оқушылардың қуанышында шек жоқ. Ұйымдастырушылар: Серикболова Б.С., Нұрғалиева А.Т.
