Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні! » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні!

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

11
октябрь
2023

Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні!

15 қазан Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні! 
Саналы ғана ғұмырында Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. Небәрі 44 жыл өмірінде бір ғасыр толыққанды өмір сүрген адамның ісін атқарып, артында өшпес із қалдырған қазақтың біртуар перзенті. Сонымен қатар
Сәкен қазақ әдебиетін жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан, қоғамдық ой мен әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын  тұлға, шығармаларына сол өзі қатысқан халықтық күрес пен ерлік жорықтың шындығын арқау етеді. Қоғамдық өмірдегі қарқынды өзгерістерді ақын нақты образдар арқылы бейнелеп, сол арқылы заманның өзіндік сипаттарын айқындап беріп отырды.
Бүгінгі күн осындай ұлы ағалардың еңбегі арқылы келгені шындық. Оған дауымыз да жоқ! С.Сейфуллиннің көзі тірісінде бастаған ісі, қалдырған мұралары, еңбектері, айтқан нақыл да өткір сөздері арқылы қазіргі жастар көп мәлімет ала алады. Қазақ үшін, елінің тәуелсіздігі үшін, зор еңбек еткен, күрескерлерімізді ұмытпау біздің парызымыз!


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее