«Қоқыс –ғасыр дерті» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
март
2021

«Қоқыс –ғасыр дерті»

 Туған жер табиғатының тағдырын түсініп, оған жанашырлықпен қарау кез келген саналы тұлғаның міндеті. Қазақ жері экологиялық дағдарысқа ұшырамасын десек, ертерек қолға алатын уақыт келді. Әрі кезек күттірмейтін мәселе екені де барша қауымға да аян. Қоршаған ортаның ластанбауын ең бірінші әр отбасы мүшелері түсініп, қоқысты бөліп жинауды қолға алу керек. Күнделікті әр үйде жиналатын қоқысты сұрыптауға арналған 3-4 түрлі жәшік болу керек. Қатты, қағаз, тамақ қалдықтары мен салафанға арналған. Қоқыстың қай-қайсы болмасын адам мен табиғатқа зиян екені дәлелденіп жатыр. Енді әрекет ету қалды. Арнайы қоқыс жиналатын орындарға міндетті түрде түрлі -түсті контейнер қойдырту керек. Қоқысты қайта өңдеуді өз қаламызда қолға алу керек. Туған жер табиғатының тағдырын түсініп, оған жанашырлықпен қарайтын қала тұрғындары мен қонақтарға арналған арнайы жадынама болу қажет. Экологиялық  шынайы түсінік қалыптасқанда ғана әрекет жүзеге асады. Сөзден іске көшетін кез жетті деген ойдамын. 
Карменова Г.Н.
Фотода үй  жағдайында қалдықты сұрыптауды үйренген оқушы- Сара.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее