30
январь
2024
"Баршаға әрі жеке арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясы бойынша 2 "Г" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: Дәрумендер пайдасы.
30.01.2024 жылы "Баршаға әрі жеке арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясы бойынша 2 "Г" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: Дәрумендер пайдасы. Аурудың себебі. Сабақ "Біз қандаймыз?" психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. "What's up" әдісі арқылы өткен тақырып тексерілді. Сабақ "Пазл" арқылы жалғасын тапты. Оқушылар пазл әдісімен жемістер құрастырып,өз топтары атауларын тапты, жаңа тақырыпқа оқушылар зейіні аударылды. Оқулықтағы мәтінмен танысып, "Көгершін хаты" әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұны пысықталды. Сонымен қоса "Top up" әдісі арқылы әр топ өз атауына байланысты Алма"," Анар", " Алмұрт"," Жүзім" жемістері туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылар "Лайк" әдісі арқылы бағаланды. Жекелеме жұмыс ретінде тест жұмысы берілді. Сабақ соңында "Менің көңіл-күйім" әдісі арқылы бүгінгі сабаққа байланысты өз ойларымен бөлісті. Зерттеу тобындағы мұғалімдер сабаққа қатысып А,В,С оқушыларынан сұхбат алды. Пән мұғалімі: Кутешова Ж.С .

