30
январь
2024
"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 8 "Г" сыныбында биология пәнінен зерттеу сабағы өтті.
"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 8 "Г" сыныбында биология пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы». Оқу мақсаты: сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Амандасу» тренингі жасалды. Оқушылар бір-бірімен түрлі әдістер арқылы амандасты. «Миға шабуыл» әдісімен өткен білімді еске түсірді. Үй тапсырмасы Genially сайтында Quizz ойыны арқылы тексерілді. Жаңа сабақ «Стоп кадр» әдісімен ашылды. Топтық жұмыста үш топ қозғалмайтын, аз қозғалатын, қозғалмалы сүйектің байланыс түрлері бойынша жұмыс жасады. Оқушылар көрнекі құралдарды пайдалана отырып, сүйектің байланысу түрлерін түсіндірді. Дескрипторды қолдана отырып, жекелеме жұмыс жасалды, «Адасқан әріптер» «Пазл» әдісімен тапсырмалар орындалды. Кері байланыста "Білім почтасы" әдісі бойынша сабақтан алған мағлұматтарын хатқа жазып, салды. Зерттеу тобындағы ұстаздар сабақтың ұтымды, кемшін тұстарын есепке алып, талдау жасады. Келесі айналым сабағын жоспарлады. Пән мұғалімі: Д.М.Исатаева.
