05
февраль
2024
"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 9 "В" сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті.
"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 9 "В" сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулалары». Мақсаты: бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулаларын біледі және оларды есептер шығаруда қолдана алады. Психологиялық ахуал орнатылып, оқушылар қорапшадан қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінді. «Ой қозғау» әдісімен https://learningapps.org қосымшасында «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындау арқылы өткен білімдері пысықталды. Сабақ «Тreasure map» (Қазыналы карта) әдісі арқылы жүргізілді. Картадағы бағалы тастарды жинақтау үшін оқушылар жасырылған тапсырмаларға жұмбақтарды шешу арқылы қол жеткізді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар «Конверт», «Кім жылдам?» әдістері және https://app.genial.ly/ қосымшасында «Боулинг» ойыны арқылы орындалды. «Сөйлемді жалғастыр» әдісі арқылы рефлексия жасалды. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысты. Оларға кері байланыс берілді.. Зерттеу тобындағы мұғалімдер сабаққа қатысып, А, В, С оқушыларынан сұхбат алды. Пән мұғалімі: Сулейменова М.Б.

