9 "Г" сыныбында тарих,география,химия,биология пәндері апталығы аясында Lesson study зерттеу сабағы өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 9 "Г" сыныбында тарих,география,химия,биология пәндері апталығы аясында Lesson study зерттеу сабағы өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

09
декабрь
2024

9 "Г" сыныбында тарих,география,химия,биология пәндері апталығы аясында Lesson study зерттеу сабағы өткізілді.

09.12.2024ж. 9 "Г" сыныбында  тарих,география,химия,биология пәндері апталығы аясында  Lesson study  зерттеу сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы.Сабақтың мақсаты:білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру, кеңестік білім беру жүйесіндегі өзгерістерді салыстыра отырып, талдау, қорытынды жасау .Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп «Тоқырау жылдарындағы Қазақстан» тақырыбы  сұрақтарына жауап берді.«Бейнеметафора» әдісі  «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы» бейнефильм көрсетілді. "Wordwall" қосымшасы арқылы "Ұшақ"ойыны ойнатылды. Мәтінмен жұмыс жасалып, мемлекеттік саясатқа баға берілді. Кеңестік білім беру жүйесіндегі өзгерістерді салыстыра отырып, қорытынды жасалды. Ізденіс жұмысы жұмыс парақшасына жазылып, таныстырылды. 1940-1985 жж білім берудегі Т-кестесі» әдісі  арқылы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма орындалды.Топ басшылары оқушыларды өзара бағалады және пән мұғалімі сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалады.Сабақ өз мақсатына жетті.Пән мұғалімі: Капасова Г.Р.
[media=https://youtube.com/shorts/X9QveTJ6P98?si=H8FWoVeakEIQcOKP]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее