22
январь
2025
2- ші сынып ұстаздарының ұйымдастыруымен ата-аналар арасында «Ұлттық тәрбие- ұлт болашағы» атты «World café» дөңгелек үстел
22.01 күні бастауыш сыныптар апталығы аясында 2- ші сынып ұстаздарының ұйымдастыруымен ата-аналар арасында «Ұлттық тәрбие- ұлт болашағы» атты «World café» дөңгелек үстел өткізілді. Ата- аналар көңілді музыкамен, әр түрлі амандасу түрлерін көрсете отырып кіріп, топқа бөлінді. «Мені ..... білесіздер, бірақ ... екенімді білмейсіздер » атты тренинг арқылы өздерін таныстырып, ел білмейтін құпияларымен бөлісті. Ата-аналар «Қоржынға салынған асықтар» арқылы ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. «Дастарқан әдебі» тақырыбында постер жасап, «Ұяшықты таңда» ойыны арқылы бала тәрбиесі туралы сұрақтарға жауап берді.
«Кереге, шаңырақ , уық» атты сергіту жаттығуларын жасады.
Ата- аналар бейресми , еркін атмосферада ой бөлісікендеріне ризашылықтарын білдірді.
Ұйымдастырушылар:
А.А. Курмашева
Г.Т. Құдайберген
Г.Р. Нугымарова
А.К. Казангапова

«Кереге, шаңырақ , уық» атты сергіту жаттығуларын жасады.
Ата- аналар бейресми , еркін атмосферада ой бөлісікендеріне ризашылықтарын білдірді.
Ұйымдастырушылар:
А.А. Курмашева
Г.Т. Құдайберген
Г.Р. Нугымарова
А.К. Казангапова
