23.01. Күні “Новатор” дебат клубының ұйымдастыруымен 10-11-сыныптар арасында мектепішілік дебат өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 23.01. Күні “Новатор” дебат клубының ұйымдастыруымен 10-11-сыныптар арасында мектепішілік дебат өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

23
январь
2025

23.01. Күні “Новатор” дебат клубының ұйымдастыруымен 10-11-сыныптар арасында мектепішілік дебат өтті.

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында жасалған жоспар бойынша 23.01. Күні “Новатор” дебат клубының ұйымдастыруымен 10-11-сыныптар арасында мектепішілік дебат өтті. Тақырыбы: “Отбасындағы қатаң тәрбие: Дұрыс па? Бұрыс па?”Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін кеңейтіп, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Дебатқа “Сенім” және “Жалын” фракциялары қатысты. Пікірсайысшылар аргументтер ұсынып, өз көзқарастарын дәлелдеді, өзара тәжірибе алмасты. Дебатты тамашалаған көрермендер өз ойларын ортаға салды. Тартысты ойын көрсеткен пікірсайысшыларға сыйлықтар берілді.
Дебат клубының жетекшісі: Айтмуханова Б.Б.
[media=https://youtube.com/shorts/DX3G12FDhGs?si=RI_X64IS8_No6Svl]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее