19
май
2022
« ӘКЕ-ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» тақырыбында әкелер тренинг.
Ата - ана шеберлігі институты жобасы аясында SENIMEH BOLASHAQ» Республикалық Ата-аналар Қоғамдық Бірлестігі, ШҚО филилалының директоры: А.Қ. Рахметуллиннің қатысуымен « ӘКЕ-ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары әкелеріне арналған тренинг өтті. Мақсаты: Ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету. Тренинг соңында әкелерден құралған командамен ұстаздар командасы арасында волейбол ойынынан жолдастық кездесу болды. Кездесу барысында 2:0 есебімен әкелер командасы жеңіске жетті.


