«Қоршаған ортаның қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында сабақ » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Қоршаған ортаның қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында сабақ

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

04
ноябрь
2020

«Қоршаған ортаның қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында сабақ

3 «В» сыныбында 3 қараша танымдық экология сабағында «Қоршаған ортаның қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында сабақ өтті. 

Оқушыларға бүгінгі күннің өзекті мәселесі қоршаған ортаны ластамау , табиғатты қорғау туралы кеңінен мәліметтер берілді.                                                                                           Қалдықтарды өңдеу саласы жайлы,  қалдықтарды сұрыптау,  қайта өңдеу, өңделген шикізатттан алуға болатын пайдалы заттар туралы мағлұматтар беріліп, қалдық заттардың барлығына «екінші өмір»  сыйлап  өңдеуге кететіні түсіндірілді. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау туралы өлеңдер шығарып,мақал-мәтелдер айтып, өздерінің жасаған кітапшаларымен бөлісті.

Кітапшаларды өз қолдарымен қағаз қалдықтарынан жасап шығарды.Кітапшаның ішінде табиғатты қорғауға байланысты өлең жолдары,мақал-мәтелдер,суреттер,қоқысты сұрыптау, суды қорғау,ауаны қорғау ережелері жайлы жазылды. Әр бала өзінің қоршаған орта алдындағы оны қорғауға деген міндетін сезіне білді.

        Өзімізді қоршаған ортаға немқұрайлы қарамай,тазалықтың маңызын түсіндіре отырып,оқушылардың бойында экологиялық мәдениеттің қалыптасуын және өздерінің туған жерлерін таза,күтіп ұстауды мақсат тұтатын экологиялық сабақтар апта сайын өтіліп тұрады.















Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее