18
ноябрь
2020
Макулатура өткізу қорытындысы
Бүгін мектебімізде «Макулатура өткізіп, ағашты қорғайық» акциясының қорытындысы бойынша Ең көп макулатура өткізген сыныптар анықталып, сертификаттармен марапатталды. Бұл акцияға 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысты. Жалпы 300 оқушы, 195 ата-ана қамтылды. Жиыны 500 кг макулатура жиналып, қайта өңдеуге тапсырылды. Бұл акция жыл бойы өткізілетін болады.







