Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған интерактивті диктант қорытындысы
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған интерактивті диктант қорытындысы

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған интерактивті диктант 23-24 сәуір 2020 жылы он лаин өтті. Интерактивті диктант ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы болып табылады.
Мақсаты – қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жоғары адамгершілік, жас ұрпақтың рухани мәдениетін оның шығармаларымен, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы жазылған әдеби шығармалармен таныстыру арқылы қалыптастыру.
Интерактивті диктантқа 7-10 сынып оқушыларынан 50 оқушы қатысты. Нақты диктант жазған оқушылар – 39 (78%). Техникалық ақауларға байланысты қатыса алмаған оқушылар саны- 11 (22%). Білім көрсеткіші: «3»-9 , «4»-20 , «5»-10 . Білім сапа- 77 %.