11
ноябрь
2020
Жас мамандар мектебінің отырысы
Жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру, өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 10 қараша күні жас мамандар мектебі отырыс өткізілді. Тәлімгерлер педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша жас маманға практикалық көмек берсе, мектеп психологы А. М. Рамьянова сауалнама нәтижесі бойынша ұсыныстар беріп, тренинг жүргізді.








