«Табиғат-Адам» онлайн тренинг
Оқушыларға « Табиғат-Адам» атты тақырыпта онлайн тренинг жүргізілді. Видеолар жіберіліп, оқушылар видеоларды қайтадан өңдеп, түсіріп бізге жолдап қойылған сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасады.
Мақсаты: оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру, балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білуге және қамқорлық жасай білуге үйрету.
Ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту
Міндеті: табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.
7-11 сыныптар белсенділік танытып, кері байланыстан біз оқушылардың осындай ойларын білдік: табиғатты аялау керектігін, табиғатқа қамқор болатында қиянат жасайтын да адамзат екенін айтқан және табиғат-Анаға келесі сұрақтарды қойған:
-табиғат- ана адамдарға деген мұң мұқтажын барма?
-бізден қандай көмек керек?
-біз сізге қандай сый жасай аламыз?, және де табиғат бізге таза ауа береді, табиғат аясында демаламыз, біз табиғатқа қарыздармыз, адам мен табиғат егіз, табиғат тіршілік көзі, табиғаттың бізге айтатын тілі жоқ, біз қаншалықты реңжітсекте табиғат бізге бар жақсылығын беріп тұр деп оқушылар өз ризашылықтарын білдірген.