Ақпарат » Страница 153 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Мұғалімдердің кәсіби өсу мониторингісі 2021-2022 оқу жылы
23
июнь
2022
Мұғалімдердің кәсіби өсу мониторингісі 2021-2022 оқу жылы
ҚР «Білім беру туралы» Заңы мен білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 2021-2022 оқу жылындағы мектептің педагогикалық ұжымының сапалық құрамы талданды. Мектепте оқу үрдісін 73 педагог, 2 мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері, 2 педагог-психолог жүргізеді.2 тәлімгер мен 1 әлеуметтік педагог жұмыс жасайды. Әрбір педагогтың лауазымы диплом бойынша мамандықтарына сәйкес келеді.  Кадрлардың сапалық және сандық құрамы № Көрсеткіштер
Математика сабағы
10
июнь
2022
Математика сабағы
10.06.2022ж. 5-сыныптарда «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту»  тақырыбында сабақ өткізілді. Негізгі мақсат: бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау дағдыларын дамыту болды. Тақырыпты ашу мақсатында "Светофор" ойыны жүргізілді. Әрбір оқушы бір-біріне ондық бөлшектерді көбейтуге байланысты есептер құрастырды. Дұрыс шығаруына байланысты қызыл, сары, жасыл түсті деңгейлерден өтті. Тақырыпты түсінбеген жағдайда, бір-біріне тапсырманы орындай отырып көмектесті. Мұғалімі:
Білімді толықтыру
10
июнь
2022
Білімді толықтыру
10.06.2022ж. 3-сыныптарда математика пәнінен алған білімдерін толықтыру, жетілдіру мақсатында «Фигуралар сыры» тақырыбымен ойын сабақ өтті. Жазғы мектепте білім алушы оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты. Ойынды біліммен ұштастырды. Мұғалімі: Ж.Б.Ақылова.
Кітапханадағы сабақ
10
июнь
2022
Кітапханадағы сабақ
10.06.2022ж. 5-сыныптағы қазак тілі сабағы «Менің кітапханам» тақырыбымен мектеп кітапханасында өткізілді. «Сан есімнің мағыналық түрлері» тақырыбы пысықталып, айтылым, тыңдалым  дағдысын қалыптастыру мақсатында жаттығулар орындалды. Окушылар   кітапхана жайлы мол мағлұмат алды. Кітапханадағы кітап қоры,  қанша кітап бар?, кітаптар қалай жиналады?, сөреге калай койылады? деген сурактарға жауап алды. Кітапханашы – Мира Сұртаевнаның берген мәліметтерін мұқият тыңдап, сабак барысында қолданды.
«Шынығайық бәріміз»
09
июнь
2022
«Шынығайық бәріміз»
09.06.2022ж.  Жазғы   мектепте   білім   алушы 1-2 сынып   оқушылары   үшін   «Шынығайық   бәріміз» атты спорт күні   өткіз іл ді. Мақсаты: салауатты   өмір   салтын   насихаттауға   және   спортпен   шұғылданып   тұруға   шақыру, сымбаттылыққа, шымыр   болуға, ептілікке   тәрбиелеу.  Балалар о йын   алаңын д а болып, әртүрлі   ойындар   ойнап, жаттығулар   жасады.  С портпен   айналысып, бой сергітіп   қайтты.  Мұғалімдері: Ш.Т.Нугуспанова, Л.Б.Божканова.
«Кенгуру» ойыны
09
июнь
2022
«Кенгуру» ойыны
09.06.2022ж.  Жазғы мектепте білім алушы  3сыныпта рарасында математика пәнінен уақытқа тапсырмалар орындатылып, «Кенгуру» ойыны ойнатылды. Оқушылар ойынға белсенді қатысты.  Білімдеріндегі олқылықтарды жоюмен қатар, шапшаңдыққа, алғырлыққа дағдыланды. Мұғалімі: Ж.Б.Ақылова.
"Қысқаша көбейту формулалары"
09
июнь
2022
"Қысқаша көбейту формулалары"
08.06.2022ж. 7 сынып математика сабағында "Қысқаша көбейту формулалары" тақырыбы негізінде қайталау жұмыстары жүргізіліп, математикалық диктант жазылып, есептер шығарылды. Сергіту сәтінде оқушылар "Сиқырлы сурет" ойынын ойнады. Білімдегі олқылықтарын жоюға, толықтыруға мүмкіндік жасалуда. Мұғалімі: М.Б.Сулейменова.  
"Балдәурен білгірі - 2022"
08
июнь
2022
"Балдәурен білгірі - 2022"
Қапшағай қаласында өтіп жатқан, 2-8 сынып оқушыларына арналған "Балдәурен білгірі - 2022" III Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, "Ұлы даланың жеті қыры" бағыты бойынша жүлделі II орынға қол жеткізген 8 сынып оқушылары: Мейрбаева Айдана, Садықова Қарлығаш, Кусаинова Адинаны құттықтаймыз! Жетекшісі: Ахметбаева Арайлым Каматаевна.
Химиялық тәжірибе
08
июнь
2022
Химиялық тәжірибе
Оқу үдерісі кезінде кеткен олқылықтарды жою, білімдерін толықтыруға, әр баланың өз мүмкіндіктерін байқауына айтарлықтай мүмкіндік жасалуда. 8 - сынып оқушылары жазғы мектеп аясында  химия пәнінен тәжірибе жасады. Оқушылар заттардың суда еруін және  жану кездегі реакцияны байқады. Мақсаты: әр түрлі заттардың суда ерігіштігін зерттеу. Тәжірибе барысы: химиялық  сынауықтарға бірдей мөлшерде түрлі  заттар салынды:СuSO4 – мыс сульфаты, NaCl –натрий хлориді, CaCO3 – кальций карбонаты. Барлығына 
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее