10
июнь
2022
Математика сабағы
10.06.2022ж. 5-сыныптарда «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбында сабақ өткізілді. Негізгі мақсат: бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау дағдыларын дамыту болды. Тақырыпты ашу мақсатында "Светофор" ойыны жүргізілді. Әрбір оқушы бір-біріне ондық бөлшектерді көбейтуге байланысты есептер құрастырды. Дұрыс шығаруына байланысты қызыл, сары, жасыл түсті деңгейлерден өтті. Тақырыпты түсінбеген жағдайда, бір-біріне тапсырманы орындай отырып көмектесті. Мұғалімі: А.Рахметжанова.
