Мұғалімді мазалайтын мәселелер... » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

26
январь
2021

Мұғалімді мазалайтын мәселелер...


Қазақ тілі әдістемелік бірлестік мұғалімдер арасында экологияның адам өміріндегі маңыздылығы туралы эссе арқылы пікір алмасу болды. Әр түрлі пікірлер болды. Сіздердің назарларыңызға қазақ тілі пәні мұғалімі Дюсембаева Куралайдың ойы.                    

       Қоғамның басты ресурсы-адам. Адам - қоғамның ең маңызды бөлігі болғандықтан, оның денсаулығын қорғау да қоғамдағы ең негізгі мәселелердің бірі болып танылады. Себебі, адам осы өмірді жалғастырушы, дамытушы және болашақтың иесі де адам болып табылады. Жер бетіндегі өзге тіршіліктен саналығымен ерекшеленетін тіршілік иелерінің даму мен жетілудің нәтижесінде қоғамның, табиғаттың ажырамас бір бөлігіне айналғаны рас.  Демек, адамның өмірі тұтастай еңбекпен, қызметпен өтеді. Ал адам қызмет ету үшін және жасаған еңбегінен нәтиже болсын десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жөн.

    Өзім қалада өмір сүріп жатқандықтан оның тұрғындары жайлы айтамын.
 Кішкене қалашық болсын, қала тұрғындарының көпшілігі шахта, фабрикаларында жұмыс жасайды.. Кейбір фабрикалар қалаға жақын орналасқан. Бұл дегеніміз өте қауіпті. Фабриканың қасында жеке үйлер салынып, халық өмір сүруде. Менің ойымша ,бұл фабрика, шахталар алдымен табиғатқа, сонан соң адам денсаулығына зиян әкелетіні сөзсіз. Толассыз шыққан түтін де ауаны ластап жатыр.Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су дефицит болып отыр. Су – тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған суымыздың денсаулығымызға әкелетін зияны бар ма, осыны ойланып көрсек. Деректерге сүйенсек, адамдардың тістерінің ерте түрлі ауруларға шалдығуы, судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары көп екендігін айта кету керек.Кейбір дамыған елдерде халық тұтынатын су арнайы тазартылып барып содан соң беріледі екен.Біздің елімізде де су тазалығы жөнінде үлкен мәселе бар. 

  Өндірістен қалдық заттардың ауаға таралмау үшін будақтаған түтін шығаратын пештерге тазартқыш фильтрлерді орналастыру.
 Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып фильтр арқылы берілсе.
 Ақпарат тарату көздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды шынайы біліп отыру.
 Таңғы ас алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере майын араластырып пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді.
        Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында төмендегідей ұсынысым бар:
 Табиғатты қадірлеу, есепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрінің белгілі бір өлшемі бар екендігін ұмытпау қажет.
 Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын сақтау мақсатында салауатты өмір сүруді міндет ету.Қала тұрғындарының өз аулаларының тазалығынан бастап, көше тазалығына дейін көңіл бөлініп ,адами тұрғыда жауапкершілікті сезініп, жақсы дағдыға айналу керек.Айналамызды қалдықсыз , зиянды заттардан таза ұстау, таза ауада  демалу ,қоршаған ортаға деген қамқорлық жасауды алдыңғы мақсат тұтынсақ. Әрине,осы шаруалардың басында жас буын, ,жастар қамтылып жұмылдырылу қажет. Елбасымыз «Болашақ жастардың қолында...» дегендей, Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын жастардың дені сау, күш жігері мол болуы тиіс!
        Мәселен, өз ауласында,мектебінде , жұмыс орындарында тұрмыстық қалдық заттарды жаратып, іске асыру , көшет отырғызу ,табиғатқа деген қамқорлық сияқты тағы басқа  іс- шаралар қала тұрғындарын, жалпы адамзатты Жер Анаға деген перзенттік парызын, міндетін өтеуге арналған игілікті амал-әрекеттер болар еді. Қорытындылай келе , сөзімді Шәкәрім Құдайбердіұлының мына даналық сөзімен түйіндеймін.
 
 

«Балам!
 Сен бола көр аққа жақ
 Болам десең Адам.
 Адал еңбек берер бақ
 Бассаң соған қадам!!! »



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее