06
декабрь
2020
Өсімдіктер - қоршаған ортаның маңызды бөлшегі.
Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі - дәрмек. Өсімдік адамдар тыныс алатын оттегімен ғана емес, оны тіршілігіне қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді.
Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай.Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады.
Өсімдіктерді сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзінің туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғатты қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Сабақ барысында өсімдікті қорғау, күтімі жайлы 8 Б сынып оқушысы Кожабекова Адема өзінің шағын видеролигін ұсынды.