«Кішкентай волонтерлар»
Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігімізді «бұның бәрі қайда кетеді? ...» деген ой мазаламайды да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр. Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуін ескере отырып, елімізде қалдықтарды бөлек жинау бойынша іс-шаралар қолға алынуда. Сондай шаралардың бірі 1 «А» сыныбында жүргізіліп жатыр. «Экология әліппесі» вариативтік сабағы аясында сынып оқушылары ұстаздары – Шынар Төленқызымен бірге «Қоқыстарды сұрыптап жинайық!» жаднамаларын әзірледі. Сынып оқушылары өздері кішкентай болса да, ауқымды жұмыстар атқаруда. Шәріпхан Досхан, Халелова Айназ, Сейтқазы Бауыржан, Ермек Әли, Айтжанов Жан, Таңатқызы Каусар, Талғат Ясмин, Есеналин Нариман, Өмірғазы Алинұр, Рахимбаева Әсем өздері тұратын аймақтардағы дүкендер мен дәріханаларды аралап, «Қоқыстарды сұрыптай білесіз бе?» деген тақырыпта сұқбат жүргізіп, жаднамаларын үлестірді. Бұл іс әлі де өз жалғасын табады.

