04
май
2020
Кішкентай гүл өсіруші
1 «Г» сынып оқушысы Темірбек Тасним көп қабатты үйде тұрады. Мектеп оқушылары бастаған бастаманы қолдап, әжесімен бірге аулаға: петуния, астра гүлдерін және шырша ағашын отырғызды. «Ағаш өсіру – сауапты іс» – дейді әжесі. Аула сол үйде тұратын адамдардың барлығына ортақ болса да, оны көркейтуге жасыл желекке орауға барша тұрғын уақыт таба бермейді. Ал, кішкентай табиғат қамқоршысы – Тасним әжесімен бірге осы жауапты іске бел шеше кірісті. «Жаз мезгілінде әдемі аулада ойнайтын боламыз» – дейді ол.