29
январь
2021
Темірден жасалған қалдық заттардың екінші өмірі
Ұлттық мәдениетімізді әлемге әйгілеп, өзгелерге ұқсамайтын бағытта дамып жатқан дәстүрлі қолданбалы өнердің орны ерекше. Жалпы қазаққа темірден түйін түйген таңсық емес.
Кез келген үйден темірден жасалған, істен шыққан керексіз қалдық заттардың табылары анық. Сол керексіз заттарды далаға лақтырмай, пайдаға асырып көрдіңіз бе?
Орайын тапқан адам күл-қоқыстың өзінен де өзге бірдеңе жасап шығарады. Ол үшін қиялға қанат бітіріп, ақылға жүгінсеңіз болғаны. Сіз жасап шығарған нәрсенің тұтынуға тиімді болғаны абзал. Әрине басқадан ерек, өзгеше бір нәрсе ойлап табамын десеніз тіпті керемет. Таза темір бұйым қанша уақыт өтсе де қаз-қалпын сақтайды. Ал мұндай өнер туындылары жерде қалмасы анық.
Бұл екінші жағынан қоршаған ортамызды қорғауға, қалдықтардың азаюына өз септігін тигізетіні белгілі. Осы орайда мектебіміздің ата-аналары өздерінің үй жағдайында қалдықтарды кәдеге жарату тәжірибелерімен бөлісуде.