Пакеттердегі жұмбақ белгілер: оны қалай анықтауға болады? » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » Пакеттердегі жұмбақ белгілер: оны қалай анықтауға болады?

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

29
январь
2021

Пакеттердегі жұмбақ белгілер: оны қалай анықтауға болады?

Өнімді сатып алғанда, біз көбінесе құрамын оқимыз, бірақ орамдағы пиктограммаларды түсіне бермейміз. Олар әр түрлі, мақсаты және тауарлар тобы бойынша бөлінеді. Кейде оны анықтау бір сағаттан артық уақытыңызды алуы мүмкін.
6 «Б» сынып оқушысы Қайырғазиева Сая ECOLABEL GUIDE мобильді қосымшасымен бөлісіп, қысқаша видео ұсынды.
Қосымша сертификатталған өнімдегі таңбаларды ажыратуға көмектеседі. Онда затбелгілердің түрлері - экологиялық, этикалық және өнімнің жеке пайдалы қасиеттерін сан жағынан сипаттайтын белгілер ұсынылған. Орамдағы белгішені сканерлеу арқылы сіз оның қандай белгілер класына жататынын біле аласыз. Егер затбелгі ресми белгі болмаса, қосымша сізге хабарлайды. Сонымен қатар, тауарлардың жекелеген санаттарына қандай белгілер жиі қолданылатынын көруге болады.
Мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану адамның күнделікті өмірін жеңілдетуге және экологиялық іздерін азайтуға көмектесетіні анық.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее