Пакетті қайта пайдалану туралы қызықты идея » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

29
январь
2021

Пакетті қайта пайдалану туралы қызықты идея

Соңғы 10 жылда полиэтилен пакеттерінің өндірісі мен қолданылуы қарқынды өсуде. Жыл сайын әлемде 500 миллиардқа жуық полиэтилен пакеттері қолданылады, ал олардың жартысы лақтырар алдында бір рет қолданылады. Демек, оларды қайта пайдалану, қалпына келтіру және қайта өңдеу өте маңызды.
Сіз полиэтилен пакеттерін «сабын салғыш» ыдысқа айналдыра аласыз. Бір сабын салғыш ыдысқа 3 пакет қажет. Мұндай сабын салғыш ыдысының бірнеше артықшылықтары бар:
• Сабын ыдысында су жиналмайды, сабын суланбайды;
• Пакеттердің ыдырау уақытына қарағанда ұзаққа созылады;
• Жеңіл, құлатса сынбайды;
• Сабын ыдысын жуу үшін оны кір жуғыш машинаға басқа заттармен бірге салу жеткілікті.
Ең бастысы, қоршаған ортанымызды қалдықтардан тазартуға өз үлесімізді қосамыз.
Ал сіз осындай ыдыстарды үйде қолданар ма едіңіз?


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее