Эко волонтёр сұхбаты "Қалдықтарды сұрыптау" акциясы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
февраль
2021

Эко волонтёр сұхбаты "Қалдықтарды сұрыптау" акциясы

    Юность қалашығының тұрғыны мектебіміздің ұстазы Әзімханова Ш.С  эко волонтерлар тобымен "Қалдықтарды сұрыптау" акциясы бойынша қала дүкендерін аралап, бірнеше сатушымен сұхбат жүргізді. Сұхбаттың мақсаты: Дүкеннен шығатын пластик, қағаз, тамақ қалдықтарын  сұрыптау жөнінде кеңес берді.Сұхбат барысында дүкен сатушылары өз ойларымен бөлісті, соның ішінде қағаз қалдықтарды қоқысқа, не болмаса жер үй тұрғындарының пеш жағуға алантындығы айтылды.

   Жеміс-жидек дүкенінің сатушысы қағаз қалдықтарын бір бөлек, ағаш жәшіктерді жеке жинап іске асыратын жайлы айтып, ағаш жәшіктердің жеке, қағаз жәшіктердің жеке жиналғаның көріп бір қуанып қалдық. Сонымен қатар дүкен сатушылардың ішінде   Турция еліне  саяхатқа шыққанда, мейрамханада тамақтанып отырып, қалдық заттарды лезде сұрыптап жатқан көріністі көріп таң қалғаның айтты. Қорыта келгенде қала тұрғындары, дүкен сатушылары бөлек жинақтайтын контейнерлерді қаладан тезірек көргілері келетінің жасырмады. 


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее