Жылу қозғалтқыштарынан туындайтын экологиялық мәселелер
Қазақстанда экологиялық жағынан өте лас қалаларға Риддер, Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалалары жатады. Жылу машиналарында отынды жағу кезінде оттегінің көп мөлшерін қажет етеді, нәтижесінде ауадағы оттегінің мөлшері жылдан-жылға біртіндеп азайып келеді деген сөз. Мысалы: бір ғана реактивті лайнер 5 сағат ұшқанда 45 т оттегіні пайдаланады екен. Өндіріс кәсіпорындары мен жылу электр станцияларының оттықтарындағы отын ешқашан толық жанып кетпейді, сондықтан ауаны күлмен, күйемен ластайды, олардың құрамындағы азот пен күкірт оксидтері ауадағы ылғалмен қосылып, азот пен күкірт қышқылын түзеді, соның нәтижесінде қышқыл жаңбырлар жауады. Ол ауа мен суды, жерді ластап – орманның жойылуына, балықтар санының азаюына, ауылшаруашылық дақылдары түсімінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Зияны:
Биосфераны ластайды;
Қоршаған ортаның температурасын жоғарылатады;
Табиғи отын қорларын азайтады;
Адам ағзасына әсер етеді.
Мәселені шешу жолдары:
Басқа отын түрлерін ойлап табу;
Қозғалтқыштың басқа түрлерін жетілдіру;
Сүзгі фильтрлер орнату;
Жасыл ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазарту;
Автомобиль жүргізушілер мәдениетін қалыптастыру.
Бірақ адамзат өзінің іс-әрекетінде машинаны пайдаланудан бас тарта алмайды. Сондықтан жылу машиналарын қолданудың көлеңке жақтарының зардаптарымен күресудің қажеттілігі туып отыр.Жер бетіндегі өмір әрбір адамнан өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, оны қорғауды талап етеді.