03
февраль
2021
Тұрмыстық калдықтарды кәдеге жарату: жұмыртқа қорабы
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.
Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осыған орай мектебіміздің ата-анасы Ашимова С. қалдықтардың азаюына өз үлесімізді қосудың бір жолы жұмыртқа қорабын қалай кәдеге жарату, яғни жұмыртқа қорабын үй жағдайында сарымсақты өсіруге қолдануға болатынын көрсетті. Ол үшін бір жұмыртқа қорабын полиэтиленді пакетке салып, үстінен екіншісін қоямыз. Сарымсақтың ортаңғы бөлігін алып, әр ұяшықтарға салып, үстінен су құю арқылы ылғалдандырып, терезе алдына орналастырамыз, күтім жасаймыз. Көктеген сарымсақты өз қажетіңізге пайдалануыңызға болады.
[media=https://youtu.be/W35g-ySikP4]