Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

18
январь
2021

Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе.
Қатты тұрмыстық / коммуналдық қалдықтар — тұтыну қасиеттерін жоғалтқан заттар немесе тауарлар, тұтыну қалдықтарының ең көп бөлігі екенін барлығымыз білеміз.
Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, қазір даламызда 22 млрд. тонна тұрмыстық қалдық пен қоқыс жинақталыпты.
Керексіз заттардан қалай арыласыз?
Үйдегі қалдықтарды жыл сайын сыртқа шығару арқылы үлкен қоқыс болып жиналады. Онда адам денсаулығына орасан зиян келтіретін заттарда болатыны анық. Сол қоқыс жиналған жерден көптеген пайдалы заттарды да табуға болады. Олар: газеттер мен пакеттер, шыны ыдыстар, шөлмектер және т.б.
Күнделікті өмірде пайдаланатын кір жуғыш заттардың ыдыстарын, дымқыл майлықтың қақпақтарын тастамай,  өзіміздің кәдемізге  жаратсақ болады. 1-ші мысал: ұялы телефонды зарядтайтын кезде, шнур қысқа болған жағдайда, кір жууға арналған әртүрлі кондиционерлердің ыдысынан, телефон немесе басқа заттарды қоюға арналған құрал ретінде пайдалануға болады.
2-ші мысал: үйде кішкентай балалар болса, ток көздерін ұстамас үшін, босаған дымқыл майлықтың қақпақшасын ток розеткаларына кигізіп қоюға болады.
Осы қарапайым мысалдар арқылы, заттарды пайдаланып  болған соң әртүрлі заттарды қоқысқа лақтырмай пайдамызға жаратуымызға болады.  Сіздермен күнделікті өмірде өзім пайдаланып жүрген  қарапайым мысалдармен таныстырдым, болашақта тұрмыстық қалдықтарды одан әрі қалай пайдалануға болатынын көрсететін боламын.
Сіздер де өз кеңестеріңізбен бөліссеңіздер болады!





Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее