26
ноябрь
2020
Жұмыртқа қабығынан панно жасау
Тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарату арқылы үнемділікке қол жеткізуге әрі қоршаған ортаны ластанудан сақтауға болады. 5 «Г» сынып оқушысы – Ғабитқызы Мөлдір жұмыртқа қабығынан панно жасады. Жұмыртқаның қабығы қаттылығы жағынан мәрмәрға сай келеді екен. Қатып қалған кезде пышақпен қыру қиынға соғады. Сондықтан жұмыртқа қабығынан жасалған бұйымдар өте берік болады. Жұмыртқа қабығынан құрастырылған мозаика «кракле» деп аталады.
Жұмыртқа қабығынан панно жасау үшін, ішіндегі сұйықтықтан арылтып, ұсақтап үгітіп алады. Алдын ала дайындалған материалға қажетті суретті салып, жұмыртқа қабығын ПВА желімінің көмегімен жапсырмалап шығу керек. Соңынан сюжетке сай қылқаламмен боялады.

