05
февраль
2021
"Ертіс өзенін таза ұстауга шақырамыз" акциясы
Қаламызда орналасқан, мақтанышымыз "Ертіс өзенін таза ұстауга шақырамыз" акциясымен эко волонтер Асемгазы Айгерим
Семей қаласы - республикамыздағы ең үлкен өзендердің бірі Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала.
Ертіс өзені, Қазақстан үшін тұщы судың маңызды көзі болып табылады, ол Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Павлодар, Екібастұз және Теміртау қалаларын сумен қамтамасыз етеді.
Мамандардың айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде Ертіс ағысы 3 есе азайды.
Мектебіміздің эковолонтеры Әсімғазы Әйгерім Болатқызы қаламыздағы Ертіс өзенінің сол жақ жағалауларын аралап, тұрмыстық қалдықтарды тастамай, арнайы қоқыс салғыш орындарына салу туралы үгіт шараларын жүргізді.
Бәріміз білетіндей, су біздің ағзамыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Су-баға жетпес табиғи байлық. Сусыз жер бетінде өмір сүру мүмкін емес. Су адам мен жануарлар денесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Су қорларын, туған өлкеміздің табиғатын қорғау барлығымыздың міндетіміз. Сондықтан да, табиғатымызды қорғауға өз үлесімізді қосайық!