«Болашақ ихтиолог және эколог» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
апрель
2020

«Болашақ ихтиолог және эколог»

         4 «Б» сынып оқушысы Құмархан Аянаның арманы – ихтиолог әрі эколог болу. Судағы тіршілік иелерін зерттеп, білгісі келеді. Анасының туған жері – Зайсан көлінің жағасында. Жазғы демалыста отбасымен сонда барып демалады. Көлде шоршыған балықтарды көре жүріп және  балықтан жасалатын дәмді тағамдарды жей жүріп, сол тіршілік иелеріне деген қызығушылығы оянады. Балықтар туралы көп мәліметтермен танысты. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды – балықтың қаны түссіз екен. Әлем бойынша 15000-нан астам балық зерттелмеген екен. 
           Аяна балықтарды үй жағдайында зерттеп көргісі келді. Анасының қолдауымен тапсырыс арқылы аквариум жасатты. Қазір үйіндегі үш аквариумда 38 балық өсуде. Қала мектептері арасында ұйымдастырылған жас зерттеушілердің ғылыми жобалар сайысына «Балықтар да сөйлейді» тақырыбымен қатысып, жүлделі 3-орынға қол жеткізді. Қазір балықтар экологиясы жайлы мәліметтер жинауда. Каспий теңізі, Жайық өзендеріндегі ахуалмен танысып, соңғы жылдардағы балықтардың жаппай қырылуының себептерін білуде. Туған қаласы Семейді басып ағатын Ертіс өзенінің қазіргі жағдайы да көңіл көншітпейді. Аяна қазір қалалықтарды Ертістің экологиясына дұрыс көзқараспен қарап, қорғауға шақыратын үндеу қағаздар дайындауда. 






Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее