«Эко үй» жобасы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

12
февраль
2020

«Эко үй» жобасы

Мектеп ата-аналары арасында өткізілетін «Эко үй»  тұрмыс қалдықтарынан жасалған бұйымдармен үйді жабдықтау конкурс – көрмесі өтті. 

Конкурс мақсаты: Қаржылық шығын шығармай үйді жабдықтау; тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарату; жарық пен суды үнемдеу арқылы отбасылық шығынын азайту; экологиялық мәдениетті қалыптастыру; оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге баулу.

 Бұл конкурсқа 34  жанұя ат салысты. Нәтижесінде декоративті қолөнерге қатты тұрмыстық қалдықтардың көп саны жұмсалғаны анықталды. Пластик шөлмектер, олардың қақпақтары, парфюмериялық өнім қалдықтары, целлофан пакеттерінен , конфеттер қағаздарынан тұрмысқа жарамды заттар дайындалған. Олардан шыққан кілемшелер, денсаулыққа пайдалы массажер т.б. бұйымдар көз жауын алды. Үйлерінде электр тоғы мен суды үнемдеген мониторингісін жүргізіп, көрседе қорғады. Әр жанұяның орташа үнемдегені 850 квт көрсетті. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға балаларын дағдыландырғаны айқын көрінді. Қазіргі таңда барлық жанұяда арнайы бөлек жинайтын ыдыстар қойылған. Мектептегі өткен байқауға 68 қатысушы мен 312 көрермен қатысты. Әділғазы алқасы шешімі бойынша Купиевтар отбасы жеңімпаз аталды. Бұл отбасы Республикалық «Мектеп өмірінен бір күн» жобаның қалалық кезеңіне қатысып, бұйымдарымен көрмеде 250 адамға жуық көрермендерді таныстырды.

Бұл конкурс - көрме барысында тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарата отырып, қоршаған ортаны ластанудан қорғау дағдылары нығайды. Жанұя бюджетіндегі қаражатты үнемдеу жүйелі жолға қойылды.  «Эко үй» сайысындағы жеңімпаз отбасының үйін басқа отбасыларға дәріптеу қолға алынды. Купиевтар отбасының видеороллигі ютуб каналына жіберілді. 

Бұл «Эко үй» жобасы ары қарай өз жалғасын табады. 













Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее