Шебер сынып «Қолдың моторикасын дамытуға арналған қыстырғыштар» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » Шебер сынып «Қолдың моторикасын дамытуға арналған қыстырғыштар»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
апрель
2020

Шебер сынып «Қолдың моторикасын дамытуға арналған қыстырғыштар»


Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.

Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:

- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;

шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.

Қолданылатын заттар: түрлі-түсті қағаз, қыстырғыштар, қайшы


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее