Мультфильмдердің бала тәрбиесіндегі рөлі
Анимациялық фильмдерді балалар да, ересектер де жақсы көретіні белгілі. Бүгінгі таңда мультфильмдер балалардың бос уақытын өткізудің кең таралған тәсілдерінің біріне айналды.
Мультфильмдер көрудің қандай пайдасы бар?
Мультфильм баланың зейінін толықтай шоғырландырады, яғни бұл жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудың қуатты элементі. Сондықтан балалардың жасын, қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дұрыс таңдау өте маңызды.
Мультфильмдердің жағымды әсеріне төмендегі жағдайларды жатқызуға болады:
1. Балалардың демалысы.
2. Сөздік қорын толықтыру және көкжиегін кеңейту.
3. Жалпы мүдделер негізінде балалар арасындағы байланысты жақсарту.
4. Әр түрлі өмірлік жағдайларды және әлеуметтік рөлдерді сынап көруге болатын әрекетке ерікті түрде қосылу, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен олардың іс-әрекеттерін талдау, сонымен қатар тиісті тұжырымдар жасай білу. Бұл өмірлік тәжірибенің бір түрі деп айта аламыз: «не жақсы, не жаман» туралы түсінік қалыптастыру.
5. Қызығушылығы негізінде логикасының дамуы.
6. Қиял мен эстетикалық талғамның дамуы.
Балалар мультфильмдерді өте жақсы көреді, және бұл арқылы оларға қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу және басқа да маңызды тақырыптар туралы түсіндірудің тиімді жолы.
«№3 ЖОББМК» КММ «Фото-видео студия» үйірмесі жұмыс жасайды. Жеке кабинетте оқушылар әртүрлі видероликтер, мультфильмдер жасау, монтаждау жұмыстарымен айналысады. Үйірме оқушылары «Жасыл мектеп» жобасының аясында энергия мен суды үнемдеу туралы мультфильмдер жасауды өздеріне мақсат етіп қойды. Ол үшін әртүрлі компьютерлік бағдарламалар мен интернеттегі қосымшаларды іздеді және зерттеді. Олар renderforest.com онлайн қосымшасын пайдаланып мультфильм жасады. Мультфильм жасау оқушылардың өздері үшін өте қызықты болды.
Қорытындылай келе, модерация мен дұрыс таңдалған мультфильмдер балалар мен ата-аналарға үлкен пайда мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп айта аламыз.