Эко-ертегі «Жер – Ана»
Мектеп жасына дейінгі балаларға арнап мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Толеутаева Э. «Жер – Ана» эко-ертегісін құрастырған. Мұндағы мақсат: кіші жастағы балаларға ертегі желісі арқылы адамзаттың қоршаған ортаға жасаған қиянатын түсіндіру; олардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; табиғатқа жауапсыздықпен қарауға жол бермеу. Тәрбиеші балалардың жас ерекшелігіне сай, түсінікті тілде баяндайды. Олардың бойында Жер-Анаға деген аяныш сезімдерін туғыза отырып, оны қорғауға шақырады. Әзірге қолдарынан келетіні тұрмыс қалдықтарын сұрыптап жинау және оларға екінші өмір сыйлауға болатынын айта келіп, «әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қараса, табиғатты сақтап қаламыз, бәрі өз қолымызда» деген нотамен аяқтайды. Осындай мазмұндағы иллюстрациялық жұмыстар кіші жастан балалар болмысына жағымды әсер ететіні сөзсіз.