30
апрель
2020
Туған ауыл шапағаты
3 «В» сынып оқушысы Буланов Альтаир қазіргі жағдайға байланысты туған ауылы – Шарда уақытша қашықтықтан білім алуда. Ол туған жерінің әсем табиғаты туралы видео түсірген. Ауылдағы әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды да назарынан тыс қалдырмаған. Қашықтықтан білім алуды денсаулық үшін пайдалы дене еңбегімен байланыстырады. Үй жануарларын күтуге қолғабыс тигізеді. Ешкіге шөп, ал тауықтарына жем шашады. Ауланы сыпырып, бақшаны қопсытуға көмектеседі. Бос уақытында кітап оқып, кешкісін экологиялық із қалдырмайтын көлік- велосипед тебеді. Альтаир сабақтан бос уақытында өзге сыныптастарына үлгі боларлықтай пайдалы істермен шұғылдануда.