27
апрель
2020
Қолғанат
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Төлеуғазиев Асхат – үлкендерге қолғабыс тигізгенді ұнатады әрі табиғаттың қамқоршысы. Үйінде өсетін бөлме өсімдіктерін суғарады. Әкесіне ауланы тазартуға көмектеседі. Бақша өсімдіктерін суғарады. Қорадағы бұзауларына шөп береді. Ата-анасының кішкентай көмекшісі өз ісімен табиғатқа жақын екенін және оны қорғауға үлес қосатынын көрсетуде.